ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның 6 облысында уранның жаңа кен орындары анықталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Фото: ӨР Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі
Министрлер Кабинетінің қаулысында жазылғандай, «Навоиуран» мемлекеттік компаниясының бірнеше өңірде жүргізген геологиялық барлау жұмысының нәтижесінде уранның перспективалы кен орындары анықталды.
Фото: ӨР Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі
Атап айтқанда, металл қоры Шафиркан (Бұхара облысы), Фариш (Жизақ облысы), Қызылтепа, Хатыршы (Навой облысы), Мубарек, Касан (Қашқадария облысы) және Пап аудандарымен қатар (Наманған облысы) Ташкент облысына қарасты Ангрен қаласының аумағында табылды.
Қоса кетсек, бұған дейін Қазақстандағы Үлбі металлургиялық зауыты аумағында уранның шикізат қоры сақталғанын хабарлап едік.
Фото: ӨР Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.