Тамыз айында резервтердің валюталық бөлігі 49 миллион долларға азайса, алтын бөлігі 1,38 миллиард долларға өсіп, 40 миллиард долларға жетті.
Қорлардағы алтынның физикалық көлемі де 11,7 миллион троя унциясынан 11,8 миллион троя унциясына дейін өсті.
Әлемдік нарықтағы алтын бағасының көтерілуі аясында Өзбекстанның алтын-валюта резерві жыл басынан бері айтарлықтай өсті. 1 қыркүйекте тіркелген 50 миллиард 87 миллион долларлық қор ел үшін тарихи рекорд болып табылады.
Бұған қоса, Орталық банк сатып алған бағалы қағаздардың құны өткен айда аздап өсіп, 1,16 миллиард долларға жетті.
Жыл басынан бері алтын бағасының күрт өсуі әлемдік нарыққа тікелей байланысты. Ақпан-мамыр айларында алтын әлемдік геосаяси шиеленіс пен АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің саясатына байланысты күрт көтерілді.
Шілдеде қысқа мерзімді құлдырау байқалды. Тамыз-қыркүйек айларында баға қалпына келіп, осы кезеңде 3,4%-ға өсті. Сарапшылардың пікірінше, бұл үрдіс маусымдық сұраныспен (әсіресе Азия нарығындағы күзгі той маусымы) және әлемдік экономикалық белгісіздікпен түсіндіріледі. 5 қыркүйекте алтынның бағасы тарихта алғаш рет унция үшін 3570 доллардан асты.
Еске сала кетейік, шілде айында Өзбекстанның алтын-валюта резервтері 48,74 миллиард долларға дейін өскен еді.