Банктен мәлім еткендей, наурызда жылдық инфляция 7,1%-ға дейін төмендеді. Ал биыл ол шамамен 6,5%-ға дейін баяулайды. Сонымен қатар 2026 жылдың соңына қарай елдің ішкі жалпы өнім көлемі 7-7,5 пайызға дейін өсуі ықтимал.
Алайда, реттеуші органнан атап өткендей, сыртқы тәуекелдер сақталып отыр. Мәселен, геосаяси шиеленістер, мұнай мен азық-түлік бағасының өсуі және логистикалық шығындардың артуы инфляцияға қосымша салмақ түсіреді. Орталық банк Басқармасының базалық мөлшерлеме бойынша келесі отырысы 17 маусымға жоспарланған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Азия даму банкі биыл Өзбекстанның ішкі жалпы өнім көлемі 6,7%-ға өсетінін болжап отыр.
Еске салайық, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 6,6 млрд долларға өсіп, 46,8 млрд долларға теңелді.
Сонымен қатар былтыр Өзбекстанның ішкі жалпы өнім көлемі алғаш рет 145 млрд доллардан асты.
Сондай-ақ Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес, 2026 жылы Өзбекстанның ішкі жалпы өнім көлемі 6 пайызға өседі. Биыл Өзбекстан үкіметі мемлекеттік бюджеттің 55% әлеуметтік салаға бағыттамақ.