Банктен мәлім еткендей, мамырда жылдық инфляция 5,5%-ға дейін бәсеңдеді. Сонымен қатар 2026 жылдың соңына қарай елдің ішкі жалпы өнім көлемі 7-7,5 пайызға дейін өсуі ықтимал.
— Инфляцияның төмендеуі және экономикалық белсенділіктің артқаны байқалып отыр. Бұл ретте биыл маусымнан бастап энергия ресурстары тарифтерінің қымбаттауы бағаның өсуіне әсер етуі мүмкін, — делінген Өзбекстан Орталық банкінің хабарламасында.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі отырыс биыл 29 шілдеде өтеді.
Еске салайық, Өзбекстанның Орталық банкі базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру туралы шешімді кейінгі рет 29 сәуірде қабылдаған еді.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, биыл көршілес елдің ішкі жалпы өнім көлемі 180 млрд доллардан асады.