Нақтырақ айтсақ, Өзбекстанның астанасына кіреберісте «Нексия» автокөлігі тоқтатылып, оның ішінен есірткі заттарының ірі партиясы тәркіленді.
"Жедел тексеріс нәтижесінде, тәркіленген есірткінің салмағы 10 келі болатын героин мен салмағы 6 келілік апиын шикізаты екендігі анықталды. Тауардың иелері қазақстандық екі азамат болып шықты. Олар есірткі заттарын Тәжікстаннан Оңтүстік Қазақстан облысына жеткізбек болыпты. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлайды агенттік.