Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан нарықтық экономиканы дамытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Дегенмен, еркінсуге болмайды. Өйткені, бәсекеге қабілеттікпен, импортпен байланысты бірқатар сын-қатер бар. Сонымен қатар ашық нарықтық экономикаға көшкен Өзбекстан да өңірдегі бәсекелестікті арттыра түсетін болады.
«Бұл оң құбылыс. Бірақ, Қазақстан үшін қандай да бір бәсекелестік дегенді білдіргенімен толықтай алғанда елдеріңіз үшін жақсы да. Оған қарсы әрекет етіп, бәсекеге қабілеттілікті жақсарта түскен жөн. Қазақстан цифрландыруға, өндіріс өнімділігін арттыруға негізделген өсімнің жаңа моделін игеруі қажет. Экономиканы әртараптандырып, мұнай мен газдан басқа кіріс көздерін табулары керек», - деді ЕҚДБ өкілі.
Фото: algarveglobal.com