Өзбекстанның бас консулы қарағандылық дәрігерлерге алғыс айтты

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Өзбекстан Республикасының бас консулы Аброр Фатхуллаев Приозерск қаласы орталық ауруханасының жетекшісі мен ұжымына алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дипломатиялықөкіл Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтыңатына хат жолдады.

«Құрметті ЕлжанАмантайұлы,

Биылғы 13 шілдеде Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында болған жол-көлікоқиғасы салдарынан Өзбекстан Республикасының бес азаматы: Б. Гулекеев, А.Жолдасбаев, С. Сайтназаров, Х. Сейтмуратов және О. Наубетов түрлі деңгейдегіжарақаттармен Приозерск қаласының қалалық ауруханасына жеткізілді. Ол жердеоларға жоғары білікті мамандар жедел медициналық көмек көрсетті.

Ауруханадәрігерлерінің жоғары біліктілігінің арқасында Өзбекстан елінің азаматтары деркезінде қажетті ем алып, еліне оралды.

Осы оқиғағабайланысты Бас консулдық «Приозерск қаласының орталық ауруханасы» КММ баршаұжымына, және аурухана директоры Н. Шағыровқа, хирург М. Пайзуллаевқа ӨзбекстанРеспубликасының азаматтарына уақтылы көрсетілген медициналық көмек пенқамқорлық үшін алғыс айтады.

Құрметпен, бас консул А. Фатхуллаев».

Еске сала кетейік,13 шілдеде Алматы – Екатеринбург тас жолының 380-ші шақырымында жол апаты болған. Миграциялық заңнаманы бұзушыларды еліне қайтару кезіндеSsanYong қызметтік көлігі аударылып, Мойынқұм ауданының полиция бөлімінің екі қызметкері мен ӨзбекстанРеспубликасының бір азаматы қаза болды.

Соңғы жаңалықтар