«Бас прокуратураның ведомствоның Telegram-каналындағы бұрынғы мәлімдемесі аяғына дейін нақтыланбаған еді, ол жауапты ведомстволардың тексерілген деректеріне негізделмеген болатын», - делінген Өзбекстанның Бас прокуратурасының жаңа мәлімдемесінде.
Сонымен қатар Бас прокуратура жіберілген қателік үшін кешірім сұрады.
Еске сала кетейік, кеше Өзбекстанның Бас прокуратурасы Ауғанстанның Әскери әуе күштері ұшағының құлау себептері туралы айтқан болатын. Сонымен қатар Өзбекстан аумағына Ауғанстан Ислам Республикасының 46 әскери әуе кемесінің мәжбүрлі түрде қонғаны туралы хабарлаған.
Мәдибек Жәнібеков.