Өзбекстанның бірінші вице-премьері Алматы түбінде болған әуе апатынан қаза тапқандарды еске алды

ТАШКЕНТ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - ӨР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Рустам Азимов Қазақстан Елшілігіндегі Көңіл айту кітабын толтырды.

Бұрын хабарланғандай, бүгін ӨР-дағы қазақстандық дипломатиялық өкілдікте Алматы түбіндегі әуе апатына байланысты Көңіл айту кітабы ашылған еді. Күні бойы Елшілікке Өзбекстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің жиырмадан астам басшылары мен қызметкері келді.