12:21, 27 Сәуір 2009
Өзбекстанның бірнеше аймағында жер сілкінісі болды
ТАШКЕНТ. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ – Өзбекстанның сейсмостансалары бүгін таңертең жерасты дүмпулерін тіркеді.
ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, сағат 4.53-те республиканың түрлі аймақтарында жерасты дүмпулері болды. Ташкентте жерасты сілкінісінің күші 2 баллды құрады. Ал Ферғана алқабында жер сілкінісі күштірек болған. Атап айтқанда Әндіжан, Наманған, Ферғанада жерасты дүмпулерінің күші 3 баллды құрап отыр. Сейсмологтардың хабарлауынша, жер сілкінісінің кіндігі Ташкенттен 325 шақырымдай жерде орын алды. Ондағы жер сілкінісінің магнитудасы 5,3 балл болған.