НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстандық «Хумо» командасы шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде қос елдің шайбалы хоккей федерациялары өзара келісімге келді. Жақында уақытта қажетті құжаттар реттеліп, өзге де талаптар бойынша тиісті талапқа келтіріледі.
Айта кетсек, «Хумо» командасының фарм-клубы 2019-2020 жылдарда Қазақстан біріншілігіне қатысты. Сол жылы оныншы орынды қанағат тұтты.
«Хумо» командасы 2018 жылы Ташкент қаласында құрылды. Аталған клуб құрамында өзбекстандық хоккейшілермен бірге ресейлік, украиналық спортшылар ойын көрсетеді.
Еске салсақ, шайбалы хоккейден Президент кубогының ойын кестесі белгілі болды.
Сондай-ақ биылғы Құрлықтық хоккей лигасы қыркүйекте басталады.
Фото: www.teahub.io
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.