Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Фаррух Тұрсынов өз сөзінде атап көрсеткендей, Тәуелсіздіктің арқасында мемлекеттің мыңжылдық тарихы қалпына келтірілді, діні мен ұлттық құндылықтары жанданды. «Өзбекстан басшылығы таңдаған және жаңа қоғам тұрғызуға бағытталған реформалар моделі өзбек халқының мүддесіне толық жауап береді», деп атап көрсетті Елші өз сөзінде.
Өзбекстанның Тәуелсіздік күні биыл Ташкенттің 2200 жылдығы атаулы мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Елшінің айтуынша, Ташкент - әлемдік өркениеттің дамуына айтулы үлес қосқан және әрқашан ірі қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени орталық болып келген қала. «Осынау екі мерекенің қатар келуінің маңызы зор, себебі ел және елорданың тарихы мен бүгінгі өмірі өзара тығыз байланысты» деп атап көрсетті дипломат.
Мерекелік шара барысында өзбекстандық орындаушылардың қатысуымен концерт өтті. Фаррух Закиров бастаған «Ялла» тобы өнер көрсетті.