АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Бүгін, 10 наурызда жаңа елші өз дипломатиялық миссиясын бастау үшін Астанаға келді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары болып қызмет еткен.
Саидикрам Ниязходжаевтың негізгі мамандығы инженер-құрылысшы, Сыртқы істер министрлігіне дейін ол Өзбекстан Республикасы Президентінің аппаратында, үкіметтік құрылымдарда лауазымды қызметтер атқарған. Мемлекеттік кеңесшінің орынбасары, экономика министрінің орынбасары болған.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.