«Орталық сайлау комиссиясы берілген құжаттардың сайлау заңнамасына сәйкестігі туралы қорытынды беріп, үміткерлерді тіркеді. Енді олардың сайлау алды үгіт-насихаты басталады», - деді ол.
Өзбекстанның либералдық-демократиялық партиясы, «Миллий тикланиш» ұлттық-демократиялық партиясы, ӨХДП, «Адолат» ӘДП осы аптада ОСК-ға үміткерлер - елдің қазіргі президенті Ислам Кәрімов, парламенттегі «Миллий тикланиш» фракциясының мүшесі Акмал Саидов, ӨХДП Орталық кеңесінің төрағасы Хатамжон Кетмоновтың, «Адолат» атқарушы комитетінің төрағасы Наримон Умаровтардың тіркеу құжаттарын ұсынды.