Өзбекстанның СІМ-де Қазақстан Президентінің алдағы сапарын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ерік Өтембаев 7 сәуірде Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесіп, оған сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

Кездесуде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы сапарының аспектілері талқыланды.

Өзбекстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Е. Өтембаевты Елші болып тағайындалғанымен құттықтап, жоғары деңгейдегі қазақстандық-өзбекстандық диалогтың арқасында мемлекетаралық  байланыс дамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат елдер арасындағы саяси және экономикалық салалардағы стратегиялық серіктестіктің нығаю қажеттілігі туралы атап өтіп, Қазақстан мен Өзбекстан аймақтағы  негізгі локомотивке айналу мүмкіндігіне ие екенін мәлім етті.

2015 жылы екі жақты тауар айналымы шамамен 3 млрд АҚШ долларын құрады.