Бұл туралы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында сөйлеген сөзінің барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко мәлім етті.
Сессия барысында оған қатысушылар қазақстандық тарап атына 2012 жылы Ұйымға өнімді төрағалық еткені үшін алғысын білдірді.
Президенттер халықаралық қатынастарда жанжалдық әлеует күшейе түсуі жалғасып отырғанын атап көрсетті. Ұйым үшін Ауғанстан аумағынан шыққан қатерлер айрықша сезіліп отырғаны аталып өтілді.
Тараптар ҰҚШҰ басқа халықаралық құрылымдармен қатынастарды дамытуды жалғастыру қажет екенін баса айтты. ҰҚШҰ БҰҰ-ның миссияларына қосылуы, НАТО және басқа ұйымдармен тығыз қатынастарды орнатуы тиіс.
Беларусь президентінің атап өтуінше, қазіргі кездегі ең маңызды міндет - қазіргі қыр көрсетулерге қарсы әрекет етуге қатысты бірауыздыққа қол жеткізу. «Бізге ұйымымызды одан әрі дамыту бойынша келісілген әрекеттер қажет. Алайда біз бүгінде тап болып отырған жағдайлардың барлығы қазіргі құқықтық базаның негізінде жеңіл реттеле алмайды, - осындай қайшылықтардың салдарынан Өзбекстан ҰҚШҰ-дағы қызметін тоқтату тілегін білдірді».
«Бүгін біз бұл шешімді қабылдап, олардың Өзбекстанның ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтату өтінішін орындадық. Және мүшелікке кіру кезінде ешқандай босаңсу жасалмайтынын, соның ішінде осы мемлекетке де сондай талаптар қойылатынын шештік. Барлық құжаттарды орындап, барлық заңдарды бекітсең - ұйымға қош келдің деп айтпақшымыз», - деді А.Лукашенко.