Өзбекстанның жаңа Dreamliner ұшағы алғашқы халықаралық рейсін Алматыдан бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясының жаңа Boeing-787-Dreamliner ұшағы Алматыға халықаралық рейс жасайды, деп хабарлады podrobno.uz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

9 қыркүйек күнгі рейс кестесі: HY 763 Ташкенттен (19.10) Алматыға (21.40), Алматыдан (22:40) Ташкентке (23:20).

«Арман лайнері» 5 қыркүйекте алғаш рет әуеге көтерілген болатын.  Оның Ташкент-Үргеніш-Бұхара-Ташкент бағытындағы рейс сәтті өтті.

Өзбекстан екі Boeing-787 Dreamliner сатып алу жөнінде шартқа 2008 жылы қол қойған. Оның нақты құны айтылмайды, алайда ұшақтың жабдықталуына қатысты каталогта құны 150-ден 180 миллион доллар шамасында деп көрсетілген.