«Біз астық өндірушілермен пысықтадық - бұл бағыттың экспортық әлеуеті - 3-тен 8 млн. тоннаға дейін астық тасымалдауға мүмкіндік береді», - деді А.Мамин.
Бұл теміржол тармағы «Өзен -Қызылқия- Берекет-Этрек -Горган» халықаралық жобасының бөлігі болып табылады. Оны Қазақстан, Иран және Түрікменстан бірлесе жүзеге асыруда. Жалпы ұзындығы - 686 шақырым, оның 146 шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.