«Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» теміржолы Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізін 600 шақырымға қысқартады
13:13, 08 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желісінің құрылысы Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізінің 600 шақырымға дейін қысқарған баламалы бағытын құруға мүмкіндік береді,
деп хабарлады pm.kz сайты.
Аталған жоба 2007 жылы Қазақстан, Түркіменстан және Иран арасында қол қойылған Мемлекет басшыларының Декларациясы және Үкіметаралық келісім негізінде жүзеге асырылуда. Қазақстан аумағы арқылы өтетін желінің ұзындығы 146 шақырым.