«Сондай-ақ, өзеннің мұхитқа құйылар жерінде төрт жүзу құралы мен Оңтүстік өңірлік іздеу-құтқару жасағының қызметкерлері, көлік полициясы мен Теңіз портының қызметкерлері кезекшілік етуде. Ал таңертең аумақты тіқұшақ арқылы шолып шықпақ», дейді баспасөз қызметіндегілер.
Бұдан бұрын хабарлағандай, 3 тамызда Сочидің Хостинский ауданында төрт адам еркек, әйел және екі бала өзенді кешіп өтпек болған. Нөсер жаңбыр салдарынан өзендегі су деңгейі күрт көтеріліп, адамдарды ағызып алып кеткен.
Әйел өздігінен жағаға жүзіп шығып, құтқарушыларға екі баласы мен туысын өзен ағысы алып кеткендігін айтқан.
Сәл кейінірек құтқарушылар басынан жарақаттанған ер адады тапты. Бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартқан.
4 тамызда іздеу жүріп жатқан аумақта нөсер жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 20-22 м/с жетеді деп күтілуде.