Өзенге батып кеткен трактордан екі адамның денесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтың Мостов ауданында трактор өзенге батып кеткен жерден екі адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды БЕЛТА .

Беларусь Тергеу комитетінің Гродненск облысы бойынша басқармасының ресми өкілі Сергей Шершеневичтің айтуынша, Дворок және Макары елді мекендерінің ортасында, Щара өзенінен тіркемесі бар Т-40 тракторының табылғаны туралы хабар 11 желтоқсан күні келген. «Көлік құралы елді мекеннің тұрғынына тиесілі болған. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы тракторды және оның жүргізушісі 57 жастағы ер адамды, сондай-ақ Макары елді мекенінің маңындағы батпақтан 52 жастағы ер адамды табады. Қазір олардың өлімінің себептері мен оқиғаның мән-жайы тергеп-тексерілуде», - дейді Сергей Шершеневич.