«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларының 80 пайызы өз қызметтеріне кірісті

None
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларының 80 пайызы өз қызметтеріне кірісті.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақтаудан тікелей бейнебайланысқа шыққан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының жұмысы қалпына келтірілді. Өндірістік нысандардың және қызметкерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бүгін жұмысшылардың 80 пайыздан астамы жұмысқа шықты. Кеше бұл көрсеткіш 37 пайыз ғана болатын. Яғни өндіріс біртіндеп өз арнасына түсіп келе жатыр», деді ол. Сондай-ақ Ө.Шөкеевтің атап өтуінше, бұл үдеріс «Қазмұнайгаз» компаниясы президентінің және Үкіметтік комиссия топтары басшыларының тұрақты бақылауында болмақ. Олардың алдына кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын және толыққандылығын қамтамасыз ету міндеті жүктелген.