«Өзенмұнайгаз» жұмысын қайта жандандырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Өзенмұнайгазға» электр қуаты беріліп, компания жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:25-тен 18:50-ге дейін (тоқтау уақыты 25 мин.) электр қуатының үзілуіне байланысты апатты жағдайды болдырмас үшін жүктемені арнайы өшіру автоматикасы (САОН) іске қосылды.

Нәтижесінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға тиесілі 3 140 ұңғыма уақытша қуатсыз қалды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:50-де электр қуаты қайта берілді. Қазіргі уақытта «Өзенмұнайгаз» АҚ-да мұнай өндіріліп жатыр.

«Өзенмұнайгаз» АҚ осыған дейін электр қуатының апатты жағдайда ажыратылуы мұнай өндіруге кері әсерін тигізетінін хабарлаған болатын. Бұл ретте, «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жалақысы толық және тұрақты төленіп отыр, жұмыс орындары сақталды»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін «Өзенмұнайгаз» кмпаниясының жұмысын тоқтатқанын жазған болатынбыз.