«РИА Новости»-дің хабарлауынша, Бонн университетінің ғалымдары 20 еркекті қатыстырып, зерттеу жүргізген. Олардың бір тобы мұрындарына окситоцині бар спрейді, екінші тобы плацебоны тамызған. Сынаққа қатысушылар өз әйелдерінің және басқа бір таныс қыз-келіншектің суреттеріне баға беруі керек болды. Тәжірибе барысында ерлердің миы магнитті-серпінді томографияға түсірілді. Зерттеудің нәтижесінде мұрнына окситоцин тамызған ерлердің өз келіншектерінің сұлулығын жоғары бағалағаны анықталды. Екінші топтан мұндай ерекшелік байқалмаған. Ғалым Рене Хурлеманның айтуынша, окситоцин гормоны ер адам миындағы «ынталандыру жүйесінің» жұмысын күшейтеді. Соның әсерінен еркектің іңкәрлігі артып, сүйгеніне бауыр басады, шын беріледі, деп жазады "Алаш айнасы" басылымы.