Өзге ғаламшар тұрғындарына арналған ғарыштық SMS жүйесі құрылды

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Австралиялық www.HelloFromEarth.net сайты өзге ғаламшар тұрғындарына SMS-хаттар жолдау қызметін ұсынуда. Хат-хабарлар тамыздың 24-іне дейін қабылданып, одан кейін Күн жүйесінен тыс орналасқан біздің Жерімізге ұқсас Gliese 581d ғаламшарына жөнелтілетін болады,

деп   хабарлайды   ҚазАқпарат «Эхо Москвы»  радиостансасына  сілтеме  жасап.

Жобаны  ұйымдастырушылар,      хаттардың  жеткізілу мерзімі   - шамамен 20 жыл  болатынын және   жауап  хаттың  болатындығына  кепілдік бере алмайтынын  ескертуде.

Ғарыштық  SMS-хаттар   жүйесі  Австрияда  өтіп жатқан   Ұлттық ғылым     апталығының аясында      жасалып  отыр.    Ғарышқа бірінші  болып   хатты    елдің ғылым  министрі Ким Карр   жазды.