деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кешті облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Мейрамбек Шермағанбет ашты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткен сайысқа «Қорқыт жастары», «Келесі аялдама», «Кеш жарық», «Сыр жігіттері», «Сыр жастары», «Арал-Ас» және «Тұңғыш Астана» командалары қатысты. Жас өнерпаздар сайысқа жақсы дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.