ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзге ұлт оқушыларының қазақ тілін білуіне мән беру керектігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өңіріміздегі өзге ұлт оқушыларының мемлекеттік тілді білуі үшін талай шаралар қолға алынуда. Алайда осыған дейін қазақ тілін оқыту әдістемесі тым ауыр болғаны рас. Соның салдарынан оқушылардың көбісі тілді дұрыс үйрене алмай қалды. Осыған орай біз оқыту әдістемесін өзгертіп, барынша жеңілдеттік», – дейді аймақ басшысы қоғамдық кеңес алдындағы есеп беруі кезінде.
Нәтижесінде бүгінде өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген қызығушылығы өскен. Тіл үйрететін мұғалімдер де біліктілік арттыруда.
Даниал Ахметовтың айтуынша, бұл мақсаттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.