Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасына ер адам хабарласып, көшелердің бірінің бойында тұрған өзінің «Фольксваген Пассат» көлігінің ішінен белгісіз біреулер 85 мың теңге ақшасын ұрлап кеткендігі туралы арызданды.
Факті бойынша жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 16 жастағы күдікті қолға түсті.
Алдын ала жүргізілген тергеу барысында күдіктінің мұнан басқа осындай екі қылмыстық оқиғаға қатысы бар екендігі анықталды.
Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы, 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.