"Бүгін Мəжілістегі партия фракциялары кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы бастама көтеріп, Елбасына хат жолдады. Бұл үндеудің мəн-мазмұны - Парламенттің Мəжілісін мерзімінен бұрын тарату жəне кезектен тыс сайлау өткізу. Бұл дер кезінде қабылданып жатқан шара деп есептеймін. Себебі, қазіргі Мəжіліс өз жұмысын толық атқарды. Мысалы, 5 институционалдық реформа мен 100 нақты қадамның өзегін заңнамалық жағынан қамтамасыз ету үшін 80 заң жобасы қабылданды. Бұл - қазіргі Мəжілістің бітірген шаруасы. Енді жаңа жағдайда биліктің барлық тармақтарын үйлестіру үшін жаңа Мəжіліс керек болып тұр. Сондықтан, жаңа Мəжілістің құрамын белгілеп, кезектен тыс сайлау өткізіп, ел алдында тұрған ірі-ірі міндеттерді орындау керек. Бір сөзбен айтқанда, өзгеріп жатқан жаһандық жағдайларға жауап беретін жігерлі Парламент мүшелері жұмысқа кірісуі керек", - дейді ойын жеткізген Ө.Озғанбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Парламент Елбасы Н.Назарбаевқа өзін-өзі тарату туралы үндеу жолдады. «Біз Мәжілістегі «Нұр Отан», «Ақ жол», Қазақстанның халықтық коммунистік партиясының парламенттік фракцияларының өкілдері еліміз үшін ең тағдырлы кезщеңде тарихи мәні бар үндеу жариялау үшін жиналып отырмыз. Қазақстан халқына және Елбасына жолдайтын үндеуім із Ұлт жоспары мен дағдарысқа қарсы шараларды қай партияның жүзеге асыруын айқындайтын халықтың сенім мандатын анықтап алуды көздейді», - деген еді үндеуді оқыған Мəжіліс депутаты Н.Әбдіров.