"Өзім жеңілсем де, өзге әріптестеріме жеңіс тілеймін. Әлі қыздардан бөлек тоғыз боксшымыз рингке көтеріледі. Мен жетпеген биікті солар бағындырады деп сенем", - деп атап өтті Әбдірахманов.
Өзінің жекпе-жегіне байланысты тағы да бірқатар сұрақтар қойған едік. "Жарысты өздеріңіз көрдіңіздер! Жеңуге тырыстым. Бірақ, ойлағанымдай болмады. Қарсыласым Олимпиадаға өте мықты дайындықпен келіпті. Ұтылдым", - деп әңгімесін қысқа қайырды Берік Әбдірахманов.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Олимпиаданың бірінші күні қазақстандық боксшы Берік Әбдірахманов алғашқы кездесуінде, АҚШ спортшысы Карлос Баль Дерастен ұтылып қалған болатын.