ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Садовое ауылында 33 жасар О. есімді әйелдің өзімен бірге тұрған 1956 жылғы Н. деген әйелді улап өлтіргені анықталды.
Аудандық ішкі істер бөлімінен алынған мәліметке қарағанда, бұл оқиға 31 тамыз күні орын алған еді. Адам өлімінің себептерін тексеру барысында әйелдің қасақана уланғаны белгілі болды. Тергеу амалдарын жүргізу кезінде О. марқұмның асына сіркесу қосып бергендігін мойындады.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары толық анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).