ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық құтқарушылар өзін өлтірмек болған адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Қызылорда қаласының тұрғынынан хабар келіп түсті. Онда әйелінің жуынатын бөлме есігін ішінен іліп, суицид жасауға бекінгені айтылған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар есікті арнайы құрал-жабдықтармен ашуға әрекет жасады. Есік ашылғаннан кейін бөлме ішінде 1993 жылы дүниеге келген азаматшаның орамалға байланып дарға асылып тұрғанын көрді. Әйелді мойнына байланған орамалын босатып алды. Азаматшаны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетсек, құтқару жұмысына «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары, Қызылорда қаласының полиция қызметкерлері және жедел жәрдем тобы қатысты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.