«2015 жылдың 12 қарашасында Мемлекет басшысы «Өзін-өзі реттеу туралы» заңға қол қойды. Осылайша, біздің құқықтық табиғатта бірінші рет өзін-өзі реттеу институты пайда болды. Жалпы, бұл институт азаматтық құқықтық қатынастарда бар институт, тек заңмен реттелмеген еді. Заң 2016 жылдың 15 мамырында күшіне енеді. Заң бойынша, өзін-өзі реттеудің екі түрі болады. Біріншісі, міндетті түрі. Екіншісі, ерікті түрі. Ерікті өзін өзі реттеу ұйымдары 15 мамырдан бастап пайда бола бастайды. Ал, міндетті өзін-өзі реттеу ұйымдарына мемлекеттік функциялар берілетіндіктен, біздің болжам бойынша, міндетті өзін-өзі реттеу ұйымдары алдымен аудит және бағалау салаларында пайда болады»,-деп түсіндірді Ғ.Жолдыбаева.
Оның айтуынша, өзін-өзі реттеу ұйымдары әртүрлі салада пайда болады. Сондай-ақ, Ғ.Жолдыбаева атап өткендей, ерікті өзін-өзі реттеу ұйымдары негізгі үш талапты орындауы тиіс. Біріншісі, бекітілген салалық, ішкі ережелер мен стандарттар; Екіншісі - өз мүшелерінің қызметін бақылау; Үшіншісі: ортақ мүлікті жауапкершілікті қамтамасыз ету.
«Ең бастысы, өзін-өзі реттеу ұйымдары жұмыс істей бастаған соң, кез келген салада қағазбастылық азайып, бәсекелестік күшейеді»,-деп түйіндеді сөзін Ғ.Жолдыбаева.