Өзін-өзі жарып жіберген Р.Мақатовтың ісі бойынша барлық тергеу амалдары құпия тұрғыда жүргізілуде - ҚР Бас прокуратурасы

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облыстық департаментінің ғимаратында болған жарылыс бойынша басталған тергеу амалдары құпия тұрғыда жүргізілуде.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлім етті.

ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағандай, 17 мамыр күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облыстық департаментінің ғимаратында жарылыс орын алды. Полиция таратқан мәліметке сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында бірнеше қылмыс жасаған Рақымжан Мақатов (1986 ж.т.) өзін-өзі жарып жіберген. «Қазіргі кезде осы іске қатысты барлық тергеу амалдары құпия тұрғыда жүргізілуде. Сондықтан мен қандай да бір түсініктеме бере алмаймын», - деді Ж.Өмірәлиев.