Іс материалдарына сүйенсек, оқиға өткен жылдың маусым айында болған.
«Азаматша З. Лисаковск қаласы прокуратурасының ғимаратында тұрып азамат М. еркінен тыс жыныстық қатынасқа итермеледі және мүлкін ұрлады деп жалған сөз жеткізген. Ол жалған ақпараттың қылмыстық жауапкершілігі туралы ескерту хатын алған», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі хабарламасында.
Сот үкімімен З. айыпты деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы уақыт аралығында оған пробациялық бақылау белгіленеді. Сондай-ақ, ол 150 сағат қоғамдық жұмысқа тартылмақ.