Оның айтуынша, Жампозовтың ісі қайта қозғалды.
«Қазіргі уақытта сот өндірісі қайта жаңартылды және оның жақын туыстарының пікірі тыңдалып, соған сәйкес шешім қабылданады. Барлығы оның жақын туыстарына байланысты», - деді ол.
«Процестің өзіне келсек, қандай үкім шығарылатынын білмейміз, оның ақталуы да, айыпталуы да мүмкін, - деп жалғастырды судья. - Алдағы уақытта қарастыру мәселесін шешу үшін қылмыстық іс қайта жаңартылды. Айып тағылған күннің өзінде де, Жампозов қаза тапқандықтан, іс тоқтатылуы мүмкін».
Сонымен бірге, Рахымбеков Жампозовтың мәлімдемесіне де қатысты сөз қозғады.
«Марқұмның мәлімдемесі туралы пікір айтуға әлі ерте. Оның бейнеүндеуі бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бізге тексеру нәтижесін күту керек, сол кезде мәселенің мән-жайы ашылатын болады», - деп атап өтті судья.
Еске сала кетейік, шілде айында Өмірбек Жампозов Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасының ғимараты жанында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасап, кейін өзіне-өзі қол жұмсады. Аталған оқиғадан соң желіде Жампозовтың ҚР сот жүйесін айыптаған бейнеүндеуі пайда болды.
13:04, 25 Шілде 2017
Өзіне-өзі қол салған Жампозовтың ісі қайта қозғалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жоғары сот судьясы Ерлан Рахымбеков полицей мен прокурорға оқ атып, өзіне-өзі қол салған Жампозов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.