деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Қоғамдық орындарда жасалған 1 қылмыстың беті әзірге ашылған жоқ.
27 наурыз күні Аягөз стансысының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері осы стансаның депосында желімдеуші болып істейтін 1974 жылы тулған азаматты ұстады. Ол өзі жұмыс істейтін депоның шеберханасынан ТК34 маркалы компрессордың металл бөлшегін ұрлап кеткен. Одан заттай айғақтар алынып, келтірілген шығынның мөлшері анықталуда.