Куәгерлердің айтуынша, 68 жастағы Ричард Бэйлон жанар-жағар май стансысының тұрағында өзінің велосипедімен жанжалдасып, оған дауыс көтеру арқылы бірдеңені түсіндірмек болған. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз.
Оқиға орнына полицейлер келіп, Бэйлонның өз велосипедімен жанжалының жай-жапсарын көрген адамдардан сұрастырып, хаттамаға енгізіп, ер азаматты полиция учаскесіне алып кетті. Полицияның айтуынша, американдық азамат алкогольді мастықта болған.