Бұл туралы ҚР Мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов бүгін Алматыда мұнай-газ компанияларының «Мұнай және газ: қазақстандық мазмұнды дамыту-2011» форумында айтты.
«Жаңадан «Батыс», «Шығыс», «Оңтүстік», «Солтүстік» және «Орталық» деп аталатын озық салалық орталықтар құрылады. Заманауи техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған бұл орталықтарда мамандарға кәсіби тұрғыдағы тәжірибелік білімдерін жетілдіруге мүмкіндік жасалады», - дейді Әсет Маратұлы.
Оның айтуынша, бұл орталықтар өндірістік үдеріске барынша жақындастырылады. Онда әртүрлі бағыттағы мамандар өздерінің тәжірибелік біліктілігін көтеретін болады.