Озық технологиялы жылыжайларда 1 шаршы метрден 70 келіге дейін қияр мен қызанақ өндіруге болады - Қайрат Досжанов

АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Өндірістік жылыжайларда 1 шаршы метрден ескі технологиямен 8-10, ал озық жаңа технологиямен 70  келіге дейін  қызанақ мен қияр өндіруге болады.

Бұл жайлы «Жылыжай технологиясы» еуразиялық орталығының бас директоры Ерік Кандаза бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Жылыжай салуды географиялық, климаттық ерекшеліктерді жер серігі арқылы зерттеп барып   жүзеге асыру керек. Ол өз ерекшелігіне қарай арнайы дайындалады. Мәселен озық технологиямен салынған өндірістік жылыжайлардың көлемі Испанияда 85 мың, Жапонияда 3 мың, ал көршілес Ресейде 100-120,  Қазақстанда 58 гектар ғана», дейді Е.Кандаза. Оның айтуынша, үкімет бағдарламасы бойынша бұл көлемді алдағы 4-5 жылда республикада 1 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Мәселен Ақтөбе облысы арқылы Ресейге Орталық Азия елдерінен  қазір күніне 3 мың тонна қызанақ пен қияр экспортталады. Сондықтан ішкі әлеуетті пайдалануға Қазақсанда мүмкіндік өте мол.