Бұл туралы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Петрос Эфтимиудың мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
«Ассамблеяның жоғары деңгейдегі басшылығының кездесуінен кейін мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының атынан Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен 2010 жыл Ұйымға жаңа қарқындылық пен сенім әкелгенін тағы бір мәрте қуаттағым келіп отыр. Төрағалық еткен кезінде Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы қарым-қатынасты құру бойынша шынайы арағайындық рөліне еніп, өзінің талпынысы арқылы ЕҚЫҰ-ға тиімді басшылық ете алды. Сондай-ақ Қазақстан ЕҚЫҰ кеңістігі бойынша диалогтың алға жылжыуына өз үлесін қосты», - делінген П.Эфтимиудың мәлімдемесінде.
«Астана Саммиті - ЕҚЫҰ кеңістігінің ортақ қауіпсіздігі үшін Орталық Азияның да маңызды екенін атап өтуге болатын бірегей мүмкіндік. Хельсинкий келісімінің 35 жылдығы мен Париж Хартиясының 20 жылдығын атап өткелі отырған айтулы жылда ұйымға мүше елдер мен оның азаматтары тап болып отырған жаңа және ескі ығыттардың ауқымы ең жоғары деңгейде саяси тұрғыда араласуды қажет етеді. Міне сондықтан да Астана Саммиті дер кезіндегі жиын болып табылады», - делінген құжатта.
«ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Бюросының атынан ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары немесе үкімет басшыларын тиімді Декларация қабылдау арқылы өздерінің міндеттеріне берік екендерін көрсетуге шақырамын. Осының арқасында Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ның үш өлшемі бойынша Еуропа пен Еуразиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты орнатуға айтарлықтай үлес қосады», - деп мәлім етті ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы.