«Донецк облысында, атап айтқанда, Амвросиевка пен Старобешевода жағдай күрт ушығуына байланысты Түркия Республикасына жұмыс сапарымды тоқтатуға шешім қабылдадым. Себебі, Украинаға Ресей әскері кірді», - деп мәлімдеді Порошенко.
Сонымен қатар, мұндай жағдайда Президенттің орны Киевте болуы керектігін айтқан Порошенко алдағы іс-қимылдар жоспарын жасау үшін Украинаның ҰҚҚК отырысы өтетінін хабарлады. Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын жедел шақырту қажет деп санайды. «Әлем Украинадағы күрт ушыққан жағдайға баға беруі тиіс», - дей келе ол Украина Еуроодақтың шұғыл кеңесін шақыру үшін еуропалық әріптестеріне жүгінетінін атап өтті.