Бұл жолы турнирге 1993 жылы туған футболшылар қатысты. Додаға Өзбекстанның футболшыларымен қоса, қазақстандық спортшылар да қатысты. Іріктеу ойындарынан кейін ақтық ойында жас пахтакорлықтар мен мубаректік «Машъала» командасы кездесті. Ташкенттік жасөспірімдер қарсыластарын айқын басымдықпен - 4:0 есебімен жеңді. Дегенмен, қонақтар да қарап қалмады. Халықаралық турнирдің үшінші орыны Шымкент футболшыларына бұйырды. Олар шешуші ойында «Пахтакор» футбол академиясының екінші құрамын 2:1 есебімен жеңді.
Осыдан 30 жыл бұрын - 1979 жылы тамыздың 11-інде Украинаның Днепродзержинск қаласының аспанында екі ТУ-134 жолаушылар ұшағы соқтығысқан болатын. Лайнерлердің бірінің бортында жоғарғы лиганың футбол командасы - Ташкенттің «Пахтакоры» болған еді. Сол апатта барлығы 178 адам қаза тапты. Сот екі авиадиспетчерді де кінәлі деп тапқан болатын. Қаза болғандардың ішінде «Пахтакордың» 14 ойыншысы, команда әкімшісі мен дәрігері, сондай-ақ жаттықтырушысы болды. Олар Минск қаласына жергілікті «Динамомен» кездесуге бара жатқан еді.