«Пакьяо - Головкин кездесуі ме? Егер ол 154 фунт салмақта өтетін болса, ешқандай қиындық жоқ. Мен келісемін. Мэнни қажет салмақты қоса алады деп ойлаймын», - деді Роуч.
Бұған дейін Голвкиннің бапкері Абель Санчес те екеуінің кездесуі аталған салмақта өтуі мүмкін екендігін айтқан болатын.
37 жастағы Мэнни Пакьяо кәсібқой рингте 66 (58-6-2) кездесу өткізген. Бүгін ол америкалық Джесси Варгаспен айқасқа түседі.