«Мен тағы бір әлем чемпионы титулын алғым келеді. Кроуфордқа қарсы жекпе-жекке өзімнің белдігімді тігуден қорыққан жоқпын, дәл солай «Канело» немесе Головкинмен кездесуге де бірден келісер едім. Бокс – фанаттар үшін, ол қызық тамаша», - дейді Хорн.
Джефф Хорн екі жыл бұрын WBО тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы белдігі үшін өткен жекпе-жекте Мэнни Пакьяоны жеңген, бірақ былтыр Теренс Кроуфордтан жеңіліп, сол белдігінен айырылып қалған. Қазір оның орта салмақтағы WBO Oriental белдігі бар.