Пәкістан армиясы әуеден соққы жасап, 15 содырдың көзін жойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанмен шекараға тақау Тирах алқабында әуеден соққы жасау нәтижесінде кемінде 15 исламшыл содырдың көзі жойылды, деп хабарлады ВВС Пәкістан әскери қолбасшылығына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Пәкістан әскерилерінің мәлімдеуінше, рейд барысында қару-жарақ жасырынған ондаған ұра табылып, жойылған. Содырлардың орналасқан жеріне әуеден шабуыл жасау «Талибан» қозғалысы Карачи жасалған шабуылды мойындарына алғаннан кейінгі күні орын алды. Естеріңізге сала кетейік, содырлардың әуежайға шабуылы салдарынан 30-ға жуық адам мерт болған еді. Ал өлтірілген содырлардан ракеталық қондырғы мен бірнеше автоматтар тәркіленді. Олар жүкті әуе жолымен тасымалдау және VIP-рейс үшін пайдаланылатын ұшақжай мен әуежайдың ескі терминалын басып алмақшы болған.