Пәкістан Әскери әуе күштерінің жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат – Жұма күні Пәкістан Әскери әуе күштерінің оқу-жаттығу жойғыш ұшағы елдің солтүстігіндегі Атток қаласының маңында апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Geo News телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауына қарағанда, оқиға оқу-жаттығу ұшуын өткізу кезінде болған.

Екі ұшқыш та катапультанды.

Арнайы комиссия оқиғаның себеп-салдарын тексеріп жатыр.