Пәкістан аспанында екі ұшақ соқтығысты

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстігінде, аспанда 2 әскери тәжірибелік-оқыту ұшағы соқтығысты. Орын алған оқыс оқиғаның салдарынан 4 ұшқыш қаза болды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды, деп жазады Утро. ру.

Журналистердің берген мәліметіне сәйкес, "Муштак" маркалы ұшақтардың біреуі тұрғын үйге құлады, жарақаттанғандар бар. Апаттың басқа жағдайы әзірге хабарланбай отыр.