Бұрын Khaama Press агенттігі мәлім еткендей, Карачидегі Ауғанстан консулдығының ғимаратында атыс орын алған.
Geo.tv мәліметіне сүйенсек, атыс салдарынан ажал құшқан жан консулдықта жұмыс жасайтын жергілікті азамат болып шықты. Оқиға дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция Ауғанстан консулдығының ғимаратын қоршауға алды.