Пәкістан Косовоның тәуелсіздігін мойындады

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Пәкістан Ислам Республикасы кеше Косово Республикасының тәуелсіздігін ресми түрде мойындады.

Бұл туралы бүгін Пәкістанның сыртқы істер министрі мәлім етті.

Косовода Пәкістан елшісі қызметіне Түркиядағы Ислам Республикасы дипломатиялық өкілдігінің жетекшісі тағайындалды (екі қызметті қатар алып жүреді). Осылайша Пәкістан Косовоның тәуелсіздігін таныған 98-ші мемлекет болды. Мемлекеттің егемендігін АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия және басқа елдер мойындаған болатын. Ал Ресей, Қытай және Испания бұған қарсылықтарын білдірген еді.